Мысырда 572 жазасын өтеушіге қасиетті Рамазан құрметіне рақымшылық жасалды

Мысырда 572 жазасын өтеушіге қасиетті Рамазан құрметіне рақымшылық жасалды

Мысыр президенті Мұхаммед Мурси қасиетті Рамазан айының құрметіне 572 жазасын өтеушіге рақымшылық жасау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Мысырдың «Әл-Ахрам» газетінің сайтында хабарланды.

Бостандыққа шыққандардың көбісі – былтырғы мемлекеттік төңкеріс кезінде қамауға алынғандар.

Амнистияға іліккен адамдардың тізімін 2011 жылғы төңкерістен кейін сотталғандардың ісін тергеу жөніндегі Мемлекеттік комиссия ұсынған. Бүлік кезінде 11879 адам темір торға тоғытылған болатын. Кейін олардың 9714-і еркіндікке шығарылды.

date20.07.2012readCount2944printБасып шығару





comments powered by HyperComments