Біріккен Араб Әмірліктерінде туристерге қоғамдық орындарда ішіп-жеуге, темекі тартуға тыйым салынды

Біріккен Араб Әмірліктерінде туристерге қоғамдық орындарда ішіп-жеуге, темекі тартуға тыйым салынды

Біріккен Араб Әмірліктерінің билігі Рамазан кезінде туристерге қоғамдық орындарда тамақ жеуге, ішуге және темекі тартуға тыйым салды. Қасиетті айда шетелдіктерге арналған олардың осы елде өздерін ұстау ережелері 12 тілде басылып шықты. Ескерту қағаздар Абу-Даби әуежайы мен қонақ үйлерде таратылып жатыр.

Жергілікті полиция өкілінің айтуынша, қоғамдық тәртіпті бұзатын іс-әрекеттер қатарына ішімдік ішу, мас күйде көлік жүргізу, жезөкшелер қызметін пайдалану, қайыр сұрау, қаңғыру жатады.

Сонымен бірге, туристерге қарапайым киіну туралы да ескертілуде.

date20.07.2012readCount3231printБасып шығару





comments powered by HyperComments