Өзбекстан президенті Рамазан айын лайықты өткізу туралы арнайы қаулы шығарды

Өзбекстан президенті Рамазан айын лайықты өткізу туралы арнайы қаулы шығарды

Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов «Рамазан айын лайықты өткізу туралы» қаулыға қол қойды.

Бұл құжат бойынша Қарақалпақстан Министрлер кеңесіне, облыстар мен Ташкент қаласының хокимияттарына «Нуроний», «Махалля» және басқа қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, Рамазан айын ұлттық салт-дәстүрлер мен құндылықтарға сай өткізу жүктелген.

Қасиетті айда жергілікті кемеңгер бабалардың мұраларын, киелі орындарды жөндеу, қалпына келтіру, адамгершілік пен рухани байлықты насихаттауға бағытталған діни шаралар ұйымдастыруға назар аударылмақ.

Өзбекстанның Дін істері жөніндегі комитеті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бүгіннен бастап барлық 2037 мешітте тарауих намазы оқылып, 733 мешітте Хатым-Құран түсіріледі. Осы істерге 100-ден астам қари тартылған.

date19.07.2012readCount3647printБасып шығару





comments powered by HyperComments