«Ата заң – діни еркіндіктің кепілі» атты дөңгелек үстел отырысы өтті (ФОТО)

Бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Ата заң – діни еркіндіктің кепілі» атты дөңгелек үстел отырысы болып өтті. Елдігіміз бен еркіндігіміздің белгісіндей болған мереке аясындағы мешіт имамдарының бұл бастамасы басқа да қоғам мүшелері тарапынан қызу қолдау тапты. Аталмыш отырысқа ҚМДБ-ның Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Ершат Оңғаров, белгілі дінтанушы Досай Кенжетай сынды ғалымдар қатысып, өз пікірлерін ортаға салды.

Мешіт имамдары мен ұстаздарының басын қосқан шара барысында ел дамуындағы дін қызметкерлерінің рөлі мен алға қойылған мақсат міндеттер жайы кеңінен талқыланды. Сөз алғандар өз кезегінде дін мен қоғамның байланысы, дін қызметкерлерінің үлес салмағы жайлы ойларын ортаға салды.

date29.08.2015readCount4478printБасып шығаруsourceLinkmuslim.kz





comments powered by HyperComments