«Әзірет Сұлтан» мешіті 267 оқушыны мектепке дайындады (ФОТО)

Бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Бір баланы мектепке киіндір!» атты қайырымдылық акциясы болып өтті. Жаңа оқу жылы қарсаңында еліміздегі әлеуметтік аз қамтылған немесе асыраушысының бірінен айырылған, тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсетіп, оқушыларды мектеп формасы және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету – соңғы жылдары еліміздегі құлшылық ордаларының дәстүрлі акциясына айналған игі шара. ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен жолға қойылған бұл игі шара бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде жалғасып келеді. Баспасөз беттерінде жарияланып жатқан жаңалықтарға зер салсаңыз, еліміздің барлық қалаларында «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылып, мешіт қамқорлығына алған оқушылардың жаңа оқу жылына сақадай-сай екенін байқауға болады.

Бүгін еліміздің Бас мешітінде аталмыш акцияның қорытынды шарасы болып өтті. ҚМДБ-ның Аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиев мырза шара шымылдығын ашып, құттықтау лебізін жеткізді. Еліміздің ертеңі білімді жас ұрпақтың қолында екенін баса айтқан ол жиналған жеткіншектерді жаңа оқу жылын жетістікпен өткеруге шақырды. Бұдан арнайы түзілген тізім бойынша оқушыларды ортаға шақырып, ішіне қажетті құрал-жабдық салынған сөмке мен мектеп формасына арналған ақша салынған конверттерді салтанатты тарату рәсімі басталды.

Мешітіміздің бас имамы Серікбай Сатыбалдыұлының бастамасымен жүзеге асқан қайырымдылық акциясы аясында биылғы жылы 267 оқушыға 4 000 000 теңге көлемінде көмек көрсетілді.

Суреттер топтамасын «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 
 
 
 
 
date26.08.2015readCount1811printБасып шығаруsourceLinkmuslim.kz





comments powered by HyperComments