«Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы мұсылман әйелдерінің тұңғыш форумына қатысып қайтты (ФОТО)

Бішкек қаласында Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан мемлекетінің мұсылман әйелдерінің басын қосқан тұңғыш форум болып өткені туралы сайтымызда жазған болатынбыз. «Мұсылман әйелдерінің Орта Азиялық форумы зорлықшыл экстремизм мен радикализмге қарсы күрес»  басқосуында ҚР  Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры  Айнұр Әбдірасілқызы еліміздегі діни ахуал жайлы жан-жақты сараптама жасады. Соңғы дерек бойынша 26 000 діни кітап, мағлұматтар  мен 7 000 сайтқа мониторинг жасалып, 400-ден астам діни уағыз кітаптары мен 200 сайтқа сот арқылы тыйым салынған. Ал теріс ағымдардың ығына көбіне орта біліммен шектелген отандастарымыз ілінсе,жоғары білім иелерінің үлесі 18%  құрайды екен. «Бүгін анасынан тәрбие көрмеген баланы ертең бүкіл ел жөнге сала алмайды»,-деген Айнұр Әбдірәсілқызының қорытынды сөзіне сәйкес, елдегі діни ахуалдың негізгі тетіктері отбасындағы аналардың қолында екенін нақтылай түскендей.

Айтулы шараға ҚМДБ-ның қолдауымен аттанған делегация мүшелері қатарында «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Ақбөпе Тілегенова қатысып, «Әйелдердің рөлі және олардың құқығы мен лаңкестік пен зорлықшыл экстремизге қарсы күрес мүмкіндіктерін кеңейту» тақырыбында баяндама жасап қайтты.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
date24.08.2015readCount2620printБасып шығару





comments powered by HyperComments