«Әзірет Сұлтан» мешіті: «Айттық бізден болсын!»

Ораза айт мейрамы – күллі мұсылман қауымы үшін ұлық мереке. Бұл күнді халқымыз бір-бірінің үйіне «Айт құтты болсын!» айта барып, амандық-саулық сұрасып, өкпе-реніші болса кешіріп, бір-біріне сыйлық беріп, айттап өткізетін болған. Мейірімділік айы атанған рамазан аяқталған соң да жомарттық пен қайырымдылықты тура осы күні арттыра түсіп, Ораза айт мейрамын ұйымшылдықпен атап өткен.

Қайырымдылық шараларының қара шаңырағы атанған «Әзірет Сұлтан» мешіті бұл мерекені мейлінше сауапты етіп өткізді десе де болғандай. Қасиетті жұма намазынан соң жамағат арасында спорттық сайыстар ұйымдастырып, жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар үлестірген болатын. Сондай-ақ, айттап келушілерге арнайы қазақ үй тігіліп, қонақжайлылықтың жарқын үлгісін көрсетті.

Ал, бұдан соң «Әзірет Сұлтан» мешітіне өтініш білдіріп келген мұқтаж жандарға арналған «Айттық бізден болсын» атты қайырымдылық шарасы болып өтті. Шара аясында Астана қаласындағы 360 отбасыға азық-түлік таратылып берілді. Бұдан бөлек, 140 жанға арналған азық-түлік сөмкелері қарттар үйі мен медреселерге жеткізіліп берілді.

Суреттер топтамасын «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 
date17.07.2015readCount1840printБасып шығаруsourceLinkmuslim.kz





comments powered by HyperComments