Ораза айт мейрамына орай спорттық сайыстар ұйымдастырылды (ФОТО)

Бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітінде қасиетті Ораза айт мерекесіне орай спорттық ойындар ұйымдастырылып, жұмаға жиналған жамағат арасында жарыс өткізілді. Мешіт ауласына арнайы айттап келетіндер үшін қазақ үй тігіліп, қонақжай халқымыздың салт-дәстүрі дәріптелді.

Бір күнде қос қуанышқа кенеліп, айт намазы мен жұма намазына қатысқан жамағат спорттық ойындарға да белсене атсалысты. Арқан тартысып аттандаған азаматтардың үні мерекелік көңіл күй тудырып, бүгін күннің мейрамын екенін сездіре түсті. Сондай-ақ, қол күресі мен гір тасын көтеруден де сайыс өткізілді. Бұдан бөлек ұлттық ойындарымыз асық пен тоғызқұмалақ та ойнатылды.

Ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзінің бір хадисінде: «Мықты мұсылман әлсіз мұсылманға қарағанда қайырлы...», – деген екен. Пайғамбарымыздың сүннетін ұстанып, ақиқат жолынан айнымай жүрген мешіт жамағаты Алла Елшісінің (с.ғ.с.) бұл өсиетін де берік ұстанатынын іспен дәлелдеп берді. Шара соңында I, ІІ және ІІІ-орын алған жеңімпаздарға «Әзірет Сұлтан» мешіті атынан ақшалай сыйлықтар табысталды.

Суреттер топтамасын «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

,

 

 
date17.07.2015readCount2129printБасып шығаруsourceLinkmuslim.kz





comments powered by HyperComments