Наиб мүфти Журналистер күнімен құттықтады (ФОТО)

Бүгін ҚМДБ-ның төраға орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы Muslim.kz порталы және «Хикмет» телерадиостудиясы қызметкерлерін Журналисттер күнімен құттықтады. Дін насихаты саласында өнімді еңбек етіп келе жатқан сайт қызметкерлері мен ашылғанына бірер жылдың көлемі болғанымен, республика жұртшылығына танылып қалған студия қызметкерлерінің жұмыстарына сәттілік тілеп, арнайы «Алғыс хатпен» марапаттады. Бұған қоса, барлық қызметкерлерге арнайы сыйлық тарту етілді.

Бүгінде еліміздегі діни сайттардың алдыңғы қатарынан табылған Muslim.kz ақпараттық, рухани-ағарту порталы «Әзірет Сұлтан» мешіті ашылғалы жұмыс істеп келеді. Сайт бетін күнделікті 10 000-ға жуық оқырман парақтап, өздеріңе қажетті мәлімет алады. Бұған қоса, арнайы сұрақ-жауап айдары арқылы оқырмандарымыз өздерін толғантқан сауалдарға жауап алып, асыл дініміз жайлы ілімдерін толықтыра түседі.

Ал, ашылғанына бір жылдан енді асқан «Хикмет» телерадиостудиясының өнімдері бүгінде еліміздің барлық өңірлеріне таратылу үстінде. Жеткіншектерге Ислам діні жайлы үйрететін «Балаларға базарлық» атты видео дисктерден бастап, «Намаз оқып үйренейік», «Құлшылық қағидалары» секілді топтама дисктер адамдардың дінімізді терең танып-білуіне таптырмас көмекші болып келеді. Бұдан бөлек, қоғамның көкейкесті мәселелерін қозғаған арнайы бағдарламалар мен уағыз жинақтары да қалың жұртшылықтың сұранысына ие болуда. Осы уақытқа дейін  «Хикмет» телерадиостудиясынан 3 000-ға жуық аудио және видео өнімдер даярланып, 50 000-ға жуық данамен еліміздің түкпір-түкпіріне таратылған.

Серікбай қажы Сатыбалдыұлы осы жетістіктердің әрқайсы сайт және студия қызметкерлерінің қажырлы еңбегінің арқасында екенін атап өтіп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Суреттер топтамасын ФОТОГАЛЕРЕЯ айдарынан көре аласыздар!

 
date27.06.2015readCount1855printБасып шығаруsourceLinkmuslim.kz





comments powered by HyperComments