Мешіт – мейірімділіктің ордасы (ФОТО)

Қашанда қайырымдылық шараларының ұйытқысы болып жүретін «Әзірет Сұлтан» мешіті имамдарының бұл жолғы мейірімі қыстың қақаған суығында қала тазалығына жауапты қызметкерлеріне арналды. Аязы мен бораны толастамайтын Арқа төріндегі Астанамыздың жол қозғалысы мен тазалығын ретке келтіріп, күн-түн демей қар күреген жандарды күнде көріп жүргенімізбен, көпшілігіміз  көңіл аудара бермейтініміз ақиқат. Жылы үйде отырып алып олар жайлы ойлай қоймайтынымыз да шындық.

Күллі қазақ елінің асыға күткен Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Әзірет Сұлтан» мешіті «Астана Тазалық» ЖШС қызметкерлеріне қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Әкімшілік тарапынан «Әзірет Сұлтан» мешітінің тазалығына жауапты болып тағайындалған аталмыш серіктестіктің 19 қызметкеріне діни кітаптар мен азық-түлік салынған сөмкелер таратылды.

 

date15.12.2014readCount2070printБасып шығаруsourceLinkmuslim.kz





comments powered by HyperComments