«Бір баланы киіндір» акциясы өтті (Видео)

«Бір баланы киіндір» акциясы өтті (Видео)

Жаңа оқу жылы қарсаңында қашанда игі істердің ұйытқысы болған «Әзірет Сұлтан» мешіті «Бір баланы киіндір!» қайырымдылық шарасын өткізді. ҚМДБ-ның төраға орынбасары, найб мүфти, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Серікбай Ораз Сатыбалдыұлының бастамасымен ұйымдастырылған акция аясында тұрмысы төмен отбасы балалары жаңа оқу жылына сақадай сай әзірлікпен кірісетін болды.

Осылайша, әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан 256 (20 000 теңге) оқушы мектеп формасы мен қалам-қарындаш, дәптер, сөмке секілді қажетті заттармен қамтамасыз етіліп, қуанышқа бөленді. Қайырымдылық шараларға жұмсалған жалпы қаражат көлемі 5 120 000 теңгені құрады.

«Әзірет Сұлтан» мешітінде дәстүрге айналған бұл қайырымдылық шарасы былтырғы жылы да ұйымдастырылып, көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларға осындай көмек көрсетілген болатын.

Ұлт болашағы білімді ұрпақтың қолында екенін ескерсек, теңізге қосылған тамшыдай болған бұл әрекеттердің егеменді еліміздің ертеңі үшін жасалғанын естен шығармайық. Мешіт және демеуші азаматтардың арқасында жүзеге асқан жақсылық істің жалғасты болуын жазсын!

Қайырымдылық акциясының суреттерін "ФОТОГАЛЕРЕЯ" айдарынан тамашалай аласыздар!

date26.08.2014readCount3559printБасып шығаруsourceLinkmuslim.kz





comments powered by HyperComments