«Әзірет Сұлтан» мешіті тұрмысы төмен отбасыларды Ораза айт мерекесімен құттықтады (ФОТО)

Қашанда жақсы істердің жанынан табылатын «Әзірет Сұлтан» мешіті сауапқа толы Рамазан айында көптеген игі іс-шаралардың ұйытқысы болды. Сондай қайырымдылық шараларының бірі – бүгін «Әзірет Сұлтан» мешіті мұсылмандардың ұлық мерекесі Ораза айт қарсаңында елордамыздағы тұрмысы төмен 315 отбасыға айттық таратты.

Азық-түліктің мол қоры мен киім-кешек салынған айттық пакеттерін тарату рәсіміне «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Серікбай Ораз қатысып, баршасын ораза айт мерекесімен құттықтады. Бұл мерекенің мұсылмандар үшін мән-маңызы жоғары екенін айта келіп, Рамазанның береке мен бірліктің, ынтымақ пен ырыытың айы екендігіне тоқталған ҚМДБ-ның найб мүфтиі Серікбай Ораз осындай қайырымдылық шараларының тек «Әзірет Сұлтан» мешітінде ғана емес, еліміздің барлық құлшылық ордаларында орын алып жатқанын жеткізді.

date27.07.2014readCount2372printБасып шығаруsourceLinkmuslim.kz





comments powered by HyperComments