Қариларға құрмет көрсетілді (ФОТО+ВИДЕО)

Кеше «Әзірет Сұлтан» мешітінде тарауих намазы аяқталып, жамағат Құран хатым батасына қатысты. Отыз күн оразасын ұстаған елорда жұртшылығын тарауих намазына ұйытып, қасиетті Құран Кәрімді басынан аяғына дейін оқып шыққан қариларымыз Рамазанның 29-жұлдызында осы бір абыройлы да сауапты істі соңына жеткізді.

«Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Серікбай Ораз бен Астана медресесінің қарилар бөлімінің бастығы Сәдуақас қари қасиетті Құран Кәрімнің хатым батасын жасап, Жаратушы Хақтан еліміз бен жеріміздің тыныштығын тілеп, дұға қылды.

Құран хатым батасынан соң жиылған жамағат алдында отыз күн бойы имамдық етіп, Құран хатым етуге қатысқан қариларға құрмет көрсетіліп, Алғыс хат табысталды. Қазақы дәстүрімізге сай иықтарына шапан жауып, алғыстарын білдірді. Естеріңізге сала кетейік, биыл «Әзірет Сұлтан» мешітінде тарауих намаздарына имамдыққа «Әзірет сұлтан мешітінің найб имамы Ғазиз Ахметов, әл-Азһар университеті колледжінің 3-курс студенті Яхия Құрбан және Шымкент қаласының имамы Мәметов Исматулла тағайындалып, Құран хатым еткен болатын.

date27.07.2014readCount5316printБасып шығаруsourceLinkmuslim.kz





comments powered by HyperComments