Қазақ каллиграфиясының көрмесі өтті (ФОТО)

Күндердің сұлтаны болған қасиетті жұма күні елордамыздағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде еліміздің каллиграфия саласында жемісті еңбек етіп жүрген Ақмейір Кәрімнің көрмесі болып өтті. Қатты қағаз бен маталарға, әсемделген қатырмалар бетіне өрнектеліп жазылған Құран аяттары жұма намазына жиналған жұрттың назарын сонадайдан өзіне аударып, сұраныс туғызды. Елімізде кенжелеп қалған өнер түрін жандандыруға жанталасып жүрген Ақмейір ағамыз осы көрмені ұйымдастыру үшін Астана қаласына арнайы келген көрінеді.

Қытай елінен атажұртына былтыр көшіп келген Ақмейірдің каллиграфия өнерін қолға алу жоспарына да осы «Әзірет Сұлтан» мешіті түрткі болған көрінеді. Былтырғы жылы Елордамызға жолы түсіп келгенінде, «Әзірет Сұлтан» мешітінің өте әсем безендірілген қабырғаларын көріп ойға қалған екен. Өзінің де осы өнерге жақындығын ойлаған ол осылайша Қазақстанда кенжелеп қалған каллиграфия саласын дамытуды қолға алады.

Осылайша, бүгінде «Кәусар» хаткерлік өнер студиясын ашып үлгерген Ақмейір Кәрім араға жыл салып жемісті жұмысының бастауы болған «Әзірет Сұлтан» мешітінде жеке көрмесін өткізді.

date25.07.2014readCount2097printБасып шығаруsourceLinkmuslim.kz
көрмекөрмекаллиграфиякаллиграфия





comments powered by HyperComments