Бас имам қабылдау өткізді (ФОТО)

Қасиетті Рамазан айы бастағалы Астанамыздағы «Әзірет Сұлтан» мешітіне келушілердің қатары күрт артып,  кісі аяғы басылар  емес. Алыстан ат терлетіп Астанаға келген қонақтардың ең алдымен ат басын тірейтіні – осы «Әзірет Сұлтан» мешіті болып тұр. ТМД көлемінде теңдесі жоқ құлшылық ордасына еліміздің аймақтарынан ағылған жандарды былай қойғанда, алыс-жақын шет елден келгендер сыйлы қонақтар да қаншама.

Бүгін  мешітімізге бас сұққан сондай сыйлы қонақтардың бірі Саид Мухаммад әл-Рошд «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Серікбай Ораз Сатыбалдыұлының қабылдауында болды.  Ислам әлемінде қасиетті Құран Кәрім кітабын орысша тәржімалаған Валерия Порохованың жұбайы әрі еңбектерінің редакторы ретінде танымал болған Саид Мухаммад бас имамның қабылдау жасағанына ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.

Қабылдаудан шыққан кейін Саид Мухаммад мешіт жамағатымен кездесу өткізіп,  уағыз айтып, дәріс жүргізді.

date08.07.2014readCount2281printБасып шығаруsourceLinkmuslim.kz
Серікбай ОразСерікбай Оразбас имамбас имамқабылдауқабылдауӘзірет сұлтан мешітіӘзірет сұлтан мешіті





comments powered by HyperComments