«Әзірет Сұлтан» мешітіне жаңа найб имам тағайындалды

«Әзірет Сұлтан» мешітіне жаңа найб имам тағайындалды

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен Абдукаримов Бағдат Ахмадәлиұлы «Әзірет Сұлтан» мешітінің найб имамы болып тағайындалды.

Бағдат Ахмадәлиұлы 1979 жылы ОҚО, Сарыағаш ауданы, Абай ауылында дүниеге келген. Орта мектепті 1995 жылы туған ауылында бітірді. 1995-1998 жж. аралығында Шымкент қаласындағы «Қошқар ата» медресесінде діни білім алды. Діни қызметті 1998 жылы Шымкент қаласының сол кездегі орталығы «Абдулхамит Қаттани» мешітінде көмекші молда болып бастады.

2001 жылы Халықаралық Қазақ-Араб университетіне түсіп, 2006 жылы дінтанушы мамандығымен бітірді.

2010-2013 жж. аралығында «Тұран» университетінде оқып, құқықтанушы мамандығын алды.

Б.Абдукаримов 2002 жылдан бастап қазіргі күнге дейін «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде азаншы болып қызмет атқарған.    

date04.07.2014readCount2724printБасып шығаруsourceLinkmuslim.kz
тағайындаутағайындауӘзірет сұлтан мешітіӘзірет сұлтан мешіті





comments powered by HyperComments