Дінбасы Гонконг мүфтиін қабылдады

Дінбасы Гонконг мүфтиін қабылдады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі хазрет Гонконгтың мүфтиі Мұхаммед Аршадты қабылдады.

Кездесуде дін қайраткерлері Исламды қабылдап қана қоймай, әлемдік руханиятқа сүбелі үлес қосқан қазақ топырағынан шыққан ғұламалар жайлы пікір алмасты. Аспанасты елінен келген қонақ еліміздегі дін насихаты жүйелі жүргізіліп, имам-молдалардың сауатын арттыруда нақты шаралар жасалып жатқаны жайлы ойларымен бөлісті. Бас мүфти игі дәстүрге сай, Мұхаммед Аршадқа наурыз айында Лондонда тұсауы кесіліп, әлемнің ірі кітапханаларына, жалпы оқырмандарға ағылшын тілінде тараған «Ислам – бебітшілік пен жасампаздық діні» атты кітабын сый етті.

Гонконг мүфтиі Қазақстанның Ислам дін басшысын өз еліне ресми сапармен келіп қайтуға, Қазақстан мен Гонконг діни басқармалары арасында ынтымақтастық жасау мақсатында келісім-шартқа қол қою жайлы ұсыныс жасады. Өз сөзінде ол Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан үйренері көп екенін айтты.

ҚМДБ-ның баспасөз қызметі

date04.10.2012readCount2105printБасып шығару





comments powered by HyperComments