Қарттар үйінде ауызашар берілді (ФОТО)

Қасиетті Рамазан айында «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Серікбай Ораз Сатыбалдыұлының бастамасымен Астана қаласындағы қарттар мен мүгедектер үйіндегі қамкөңіл қарияларымыз мен  ақ жаулықты аналарымызға арналып ауызашар дастарханы жайылды. Сауабы еселеп жазылатын ерекше қасиетті айда қамқоршысыз қалған қарттарымыздың қабағындағы кірбіңді шайып, қал-жағдайын біліп қайту үшін қарттар үйіне ҚМДБ-ның төраға орынбасары, найб мүфти  Серікбай Ораз бастаған бір топ имамдарымыз бас сұғып, берекелі дастархан басында келелі уағыз айтып қайтты.

Бас имамның атынан қарттар мен мүгедектер үйіндегі 320 жанға арналған жайылған дастархан басында қасиетті Құран Кәрім оқылып, қарияларымызға арналып дұға жасалынды. Сондай-ақ, қарттарымыз мен апа-әжелерімізге  Серікбай Ораз имам уағыз жүргізіп, қасиетті Рамазан айын құлшылықпен, дұға-тілекпен өткізуге шақырды. Жабырқау күй кешкен жандардың арнайы келіп жағдайын біліп, ауызашар беріп жатқан «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы мен ұжымына ақ жаулықты апаларымыз мен ақсақалдарымыз да алғыстарын жаудырып, игі тілектерін арнап жатты.

Қарияларымызды тағы бір қуантқан нәрсе – Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының атынан жылына бір адамға кіші қажылық жолдамасы беріліп тұратыны болды. Орындалмас армандай көрінген қасиетті сапарға енді ішіміздегі біреуіміздің бағы жанып, барып қайтатыны қандай керемет дейді ағынан жарылған ақсақалдар.

Суреттерді "ФОТОГАЛЕРЕЯ" айдарынан көре аласыздар!

date02.07.2014readCount3169printБасып шығаруsourceLinkmuslim.kz
оразаоразаауызашарауызашаррамазанрамазанСерікбай ОразСерікбай Оразқарттар үйіқарттар үйі





comments powered by HyperComments