ҚМДБ: Баспасөз хатшыларының тұңғыш басқосуы (ФОТО)

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының қатысуымен Діни басқармаға қарасты баспасөз хатшыларының семинар-кеңесі өтті.   

Жиын барысында, дін саласындағы ақпаратты жандандыру мен деңгейін арттыру мәселелері қаралды. Ортақ iстi қалай нәтижелi жүзеге асыруға болады? Бұл сұрақтың жауабы арнайы шақырылған білікті мамандармен бірлесе отырып талқыланды. Сонымен қатар, баспасөз хатшылары Исламды насихаттау бағытында БАҚ пен қоғам арасында қарым-қатынасты нығайту, екiжақты жұмысты ұйымдастыру жөнiндегi мәселелер ортаға салынды. «Мінбер» журналистер орталығының жетекшісі Асхат Еркімбай ақпарат саласына қатысты тренинг өткізді. Семинарда слайд шоу, бейне баян көрсетіліп ұсыныстар айтылды.

Семинар-кеңеске Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз, баспасөз бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлы, "Иман" журналының бас редакторы Оңғар Өмірбек қатысты.

 Асхат Еркімбай,
«Мінбер» журналистер орталығының жетекшісі, блогер:

- Мақалалар мен ақпараттардың тақырыбы журналиске ғана емес, оқырмандарға да қызықты болуы шарт. Дін саласында қызмет жасайтын маман жылдам, тез тiл таба бiлетiн, жан-жақты бiлiмдi азамат болуы қажет.

 Оңғар Өмірбек,
«Иман» журналының бас редакторы:

- Ең басты мақсатымыз – қажет ақпаратты дер кезiнде берiп, уақытылы әрекет етуге үйрену керек. Бiздің жүйелi түрде жұмыс iстеуіміз өте маңызды.

 Амантай Тойшыбайұлы,
ҚМДБ-ның Павладар обылысы бойынша баспасөз хатшысы:

- Жақсы кездесу болды. Семинарда алынған ақпарат келешекте жұмыста керек болады. Көп ақпарат алдық.

Кездесу соңында жауапты хатшыларға діни аппараттың тұрақты және тиімді жұмысын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.


date26.06.2014readCount1862printБасып шығаруsourceLinkmuftyat.kz





comments powered by HyperComments