Білікті имамдармен болған семинар (ФОТО)

Білікті имамдармен болған семинар (ФОТО)

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен өткен жылдан бастап білімі терең, біліктілігі жоғары имамдардан Республикалық ақпараттық насихат топтары құрылған-ды. Аталмыш топ мүшелері түрлі мекеме ұжымдарымен қатар түзету мекемелеріндегі жазасын өтеушілермен де кездесіп, ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізе білді.

Сондағы тәжірибенің талабына сай түзету мекемелеріндегі жазасын өтеушілермен тығыз қарым-қатынас жасап, оларға ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізетін арнайы РАНТ тобын құру жұмысы Бас мүфти қолдауымен қолға алынды. Оған тәжіреибесі бар, түзету мекемелерімен жұмыс істеп жүрген білікті имамдар тартылды.

Міне, жаңадан құрылған топ мүшелеріне арналып «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Қазақстанның дамуындағы дәстүрлі исламның рөлі» деген атаумен 18-25 маусым аралығында семинар өткізілді, деп хабарлайды "Нұр Астана" тілшісі. Онда «Усул әль фиқһ», «Усул әл-хадис», «Ақида» пәндерінен білікті дінтанушы Бауыржан Әлиұлы, Қабылбек Жұмабеков дәріс жүргізді.  Мұнымен қоса, «Шешендік өнер», «Дін туралы заң» аясында да сабақтар берілді.

Семинардың қорытынды отырысына қатысқан ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Өтпенов қатысып, семинарға қатысқан барша имамдарға найб мүфти Серікбай қажы Ораз атынан сертификат табыстады.

Санаулы күнде көп мәлімет ала білген имамдар семинардың сәтті өткенін айта келіп, Бас мүфти атына шексіз ризашылықтарын білдірді. Сондай-ақ, білікті дін қызметкерлері семинардың алдағы уақытта да жалғасымды болуына тілектерін білдірді.

date26.06.2014readCount1925printБасып шығаруsourceLinke-islam.kz





comments powered by HyperComments