Жазғы сауат ашу курсы өз жұмысын тәмамдады (ФОТО+ВИДЕО)

«Әзірет Сұлтан» мешітінде маусым айының 2-жұлдызы күні бастау алған оқушылардың діни сауат ашу курсы бүгін өз мәресіне жетіп, қорытынды кеш ұйымдастырылды. ҚМДБ-ның найб мүфтиі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Серікбай Ораз Сатыбалдыұлының тапсырмасы негізінде жазғы демалыстарын босқа өткізбей, білім жинаған бүлдіршіндерге дастархан жайылып жайылып, сертификаттар тапсырылды.

Шәкірттердің Құранды тіләуат етуімен басталған салтанатты кештің шымылдығын мешітіміздің бас имамы Серікбай Ораз Сатыбалдыұлы өзі ашып, ілім жолындағы алғашқы ізденістерін бастаған бүлдіршіндерге сәттілік тіледі. Кеш бойында жазғы сауат ашу курсының шәкірттері өз өнерлерін ортаға салып, иләһи әндер шырқап, қос ішектен күй төгілтті.

«Әзірет Сұлтан» мешітінде дәстүрге айналған жазғы сауат ашу курсы былтырғы  жылы да ұйымдастырылған болатын. Қуаныштысы, жылдан-жылға жазғы демалысын сауат ашуға құлшыныс білдіргендің саны артып келеді.Биылғы жылы сауат ашу курсына 5-15 жас арасындағы 237 бала қабылданып, діни білім алып шықты. Атап айтсақ, шәкіртер арабша хат танумен қатар, Алла тағаланың 99 есімін жаттап, имандылық әліппесімен танысты.

«Әзірет Сұлтан» мешітіндегі жазғы сауат ашу курсының оқу барысынан сыр шертетін фотосуреттерді "ФОТОГАЛЕРЕЯ" айдарынан таба аласыздар!

 

date23.06.2014readCount2370printБасып шығаруsourceLinkmuslim.kz
Әзірет сұлтан мешітіӘзірет сұлтан мешітідіни сауат ашудіни сауат ашу





comments powered by HyperComments