Бәраат кешіндегі берекелі ауызашар мен әсерлі уағыз (ФОТО)

Екі дүние сардары, сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедтен (с.ғ.с.) жеткен хадисте «Шағбан айының ортаңғы түні болғанда оны құлшылықпен, ал күндізді оразамен өткізіңдер. Себебі, күн батқанда Хақ Тағала дүние аспанына түсіп, таң атқанға дейін былай дейді: «Менен кешірім тілеуші бар ма екен? Оны кешірейін. Менен ризық-несібе тілеуші бар ма екен? Оған ризығын берейін. Дертіне шипа тілеуші бар ма екен? Дертіне шипа берейін. Кім не қаласа, оған соны берейін» (имам Ибн Мәжә) делінеді.

Биылғы шағбан айының ортаңғы түні, яғни Бәраат түні маусым айының 12-нен 13-не қараған түнге сәйкес келді. «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Серікбай Ораз Сатыбалдыұлының тапсырмасы бойынша, Алла рақымымнан үміт етіп, ораза тұтқан жандарға ауызашар дастарханы жайылып, құтпан намазынан уағыз айтылды. Таңнның атысы мен күннің батысы аралығында Алла разылығы үшін ауыз бекітіп, нәпсі қалауларынан тыйылған жамағатқа арналып жайылған дастархан басында ғибратты әңгімелер өрбіді. Мешітіміздің бірінші найб имамы Қуат Ерғалиұлы жамағатқа Шағбан айының шарапаты мен Бәраат түнінің берекесі жайлы мол мағлұмат бере отырып, құлшылықтың кемелдігі туралы сөз қозғады.

Жамағаттың жүрек қылын шертіп, жанын ен әсерлі уағыз құтпан намазынан соң қайта жалғасты. 

 

date13.06.2014readCount2996printБасып шығаруsourceLinkmuslim.kz





comments powered by HyperComments