«Әзірет Сұлтан» мешіті медіресе шәкірттеріне көмек көрсетті

«Әзірет Сұлтан» мешіті медіресе шәкірттеріне көмек көрсетті

«Оқу инемен құдық қазғандай» дейді дана халқымыз. Білім мен ғылымның пайдасын біліп, артықшылығын айрықша сезінген халқымыздың тауып айтқанына таласымыз жоқ. Білім жолындағы түрлі кедергілер мен қиындықтарды өткере отырып, діттеген биікке жетудің машақаты мол екені бесенеден белгілі. Осы орайда шәкірттердің талабын қайрап, ынталандырып қоюдың да оқушылардың ықыласын арттырып, жігерлендіре түсетіні сөзсіз.

Осы мақсатпен «Әзірет Сұлтан» мешіті «Астана» медіресесінің биылғы оқу жылын үздік бітірген бес оқушысын ынталандыру мақсатында бір жылдық жатақхана ақысымен марапаттады. 

date27.05.2014readCount2428printБасып шығаруsourceLinkmuslim.kz
қайырымдылық шарасықайырымдылық шарасыӘзірет сұлтан мешітіӘзірет сұлтан мешіті





comments powered by HyperComments