«Әзірет Сұлтан» мешітіндегі республикалық семинар өз жұмысын аяқтады (ФОТО)

Мамыр айының 20-27 жұлдызы аралығында «Әзірет Сұлтан» мешітінде  республикамыздағы орыс тілді имамдардың біліктілігін көтеру мақсатында алғаш рет республикалық семинар өткізілді.  Аталмыш семинарға еліміздің барлық аймақтарынан 20-ға тарта имамдар қатысып, білімдерін шыңдады. Семинар аясында «Нұр-Астана» орталық мешітінің найб имамы Абдусамат Махат, «Әбубәкір Сыддық» медіресесінің директоры Отарбаев Бауыржан, «Астана» медіресесінің ұстазы Өскенбаев Руслан, «E-islam.kz» сайтының қызметкері Смағұлов Марат және «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Қайырғалиев Мақсатбек  сынды білікті мамандар дәріс жүргізіп, түрлі тақырыптарға талдау жасады.

Семинар барысында имамдарға Ханафи фиқһы мектебінің пайда болуы мен қалыптасуы, Матруди ақидасының негіздері мен ұстанымдары, Құран тәпсірі мен жат ағымдардың тарих сахнасына шығуы, шариғат қағидалары мен бастаулары, хадис ілімі жайлы дәрістер оқылды. Сондай-ақ, семинарға қатысушылар арасында шешендік өнер жайлы тренингтер мен қоғамдағы өткір мәселелерге қатысты пікірсайыстар ұйымдастырылды.

Жеті күнге созылған республикалық семинар кеше өз мәресін жетті. Қорытынды кешке Қазақстан Республикасының Дін істері агентігінің төрағасы Марат Әзілханов қатысып, бүгінгі таңдағы діни ахуал, семинар көтерген тақырыптарға ой қосып, пікір алмасты. Апталық семинар қорытындысы бойынша, ҚМДБ-ның бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлының атынан арнаулы сертификаттарды ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр Астана» мешітінің бас имамы Наурызбай Өтпенов қатысушыларға табыстады.

date27.05.2014readCount2113printБасып шығаруsourceLinkmuslim.kz
семинарсеминарӘзірет сұлтан мешітіӘзірет сұлтан мешіті





comments powered by HyperComments