Табиғат аясындағы тағылымды демалыс (ФОТО)

Кеше «Әзірет Сұлтан» мешітінің имам-ұстаздары мен діни сауат ашу курсы шәкірттері табиғат аясына шығып, есте қаларлық демалыс күнін өткізіп қайтты. Өткен аптаның сенбі күні ҚМДБ-ның төраға орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Серікбай Ораз Сатыбалдыұлының бастамасымен шәкірттерге сертификат тапсырылып, дастархан жайылған болатын. Жыл басынан бері мешіт имамдары мен ұстаздарынан дәріс алып, тіл сындырған 400-ге жуық шәкірттің осы жерде дос тауып, ағалы-інілі бір үйдің балаларындай болып кеткен.

Осы бір рухани бауырластық пен достықты одан әрі нығайтып, күшейте түсу мақсатында  «Әзірет Сұлтан» мешітінің имам-ұстаздары мен 120-ға жуық шәкірттері табиғат аясына демалысқа шығып, көңіл сергітіп қайтты. Түрлі спорттық сайыстардан топтық және жекеше жарыс түрлері ұйымдастырылып, шәкірттерді салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Сондай-ақ, бірлік пен ынтымаққа, достық пен бауырмашылдыққа үндеген имамдар уағызы бой шынықтырған шәкірттердің ойын да шынықтырып, жүректерін байыта түсті.

Табиғат аясындағы тағылымды демалыс жайлы толық фото суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан тамашалай аласыздар!

date26.05.2014readCount3743printБасып шығаруsourceLinkmuslim.kz
шәкірттершәкірттердемалысдемалысӘзірет сұлтан мешітіӘзірет сұлтан мешіті





comments powered by HyperComments