«Әзірет Сұлтан» мешітінің шәкірттеріне сертификат табысталды (ФОТО)

Мешіт имамдары мен ұстаздарының  қажырлы еңбегінің арқасында «Әзірет Сұлтан» мешітінде жыл басынан бері 400-ге жуық ер және әйел кісілер діни сауат ашып, дәрістер алып келеді. Бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Серікбай Ораз Сатыбалдыұлының бастамасымен сауат ашу курсының І-деңгейлі білім жүйесін тәмамдаған 200-ден астам шәкірттерге сертификат тапсырылып, салтанатты шараға орай  дастархан жайылды. Аталмыш шара шәкірттер жігерін жанып, ғылым жолындағы ұмтылыстарын жандандыра түсуге септігін тигізетіні сөзсіз.

Кеш шымылдығы мешіт шәкірттерінің Құранды хатым етуімен түріліп, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Серікбай Ораз Сатыбалдыұлының батасымен басталды. Мешіт шәкірттеріне білім мен ғылымның пайдасы мен артықшылығын айта келіп, сол жолдағы алғашқы жетістіктерімен құттықтаған Бас имам баршасына сәттілік тіледі. Тағылымды терме мен жалынды жыр оқып, күй тартқан мешіт шәкірттері әдемі кештің әрін кіргізе түсті. Сондай-ақ, сауат ашу курстарында құран әліппесін танып қана қоймай, араб тілін де меңгерген шәкірттер араб тілінде дайындаған көріністерін көпшілік назарына ұсынды.

Кеш соңында 200-ден астам шәкірттерге сертификаттар тапсырылып, құттықтау лебіздері айтылды. Сондай-ақ, діни ағарту саласында атқарған жұмыстары үшін мешіт имамдары мен ұстаздарына  да «Алғыс хаттар» табысталып, еңбектеріне жеміс тіледі.

Фото суреттерді сайтымыздың "ФОТОГАЛЕРЕЯ" айдарынан тамашалай аласыздар!

date24.05.2014readCount2733printБасып шығаруsourceLinkmuslim.kz





comments powered by HyperComments