«Әзірет Сұлтан» мешітінің әйелдер жамағаты белгілі теологпен кездесу өткізді (ФОТО)

Бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітіннің әйел ұстаздары Ақбөпе Қанатқызы мен Света Амангелдіқызының ұйымдастыруымен мешіттің конференц-залында мешітіміздің әйел шәкірттері ҚР Дін Істері агенттігінің діни оқу орындарымен байланыстар және дінтану сараптамасы жөніндегі басқарма басшысы, филология ғылымдарының кандидаты, дінтану магистрі Айнұр   Әбдірәсілқызымен кездесу өткізді. Кездесу «Қазақ қыздарының тәрбиелік және рухани болмысы» деген тақырыпта өрбіді.

Қазіргі таңда қазақ қызының кейбірінің бойынан менталитетімізге, имандылығымызға, ибалығымызға тән мінезден гөрі өзгеге тән мәдениеттер мен  жүріс-тұрыстар көрініс табуда. Қазақ жеріне VIII ғасырда келген Ислам діні ата-бабамыздың салт-санасына, әдет-ғұрпына сіңіп кетті. Ислам дәстүрімен шыңдалған, ананың адал ақ сүтімен өскен ибалы ұрпақ, иманды қыз-келіншектіріміз небір алып тұлғаларды, ғұламаларды дүниеге әкелді. Ата-бабамыз: «Әйел бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді»,– деп бекер айтпаған. Болашақтың, елдің тағдыры әсірісе осы әйелдердің қолында. Баршамызды да осы аналар дүниеге келтірді. Сондықтан да ертеңгі ана, бүгінгі қыздарымыздың тәрбиесі бізді қашанда алаңдатады. Ертеңгі алыпты да, ғалымды да тәрбиелеп өсіретін аналар. Сондықтан да бүгіннен бастап қамданбасақ ертең кеш болады. Қыздарымыздың аузында темекі, тыңдағаны шетелдің қиқуы, ішкені арақ-сыра болса, одан жас ұрпақ не тәрбие алады?! Бұл міне, қазіргі иман жүзді ақ жаулықтардың жан айқайы. Бүгінгі кездесуде осы сынды көкейкесті мәселелер сөз болды.  

date15.05.2014readCount5012printБасып шығаруsourceLinkmuslim.kz
Әзірет сұлтан мешітіӘзірет сұлтан мешітіәйел жамағатыәйел жамағаты





comments powered by HyperComments