«Әзірет Сұлтан» мешіті Ұлы Отан соғысы ардагерін құттықтады (ФОТО)

«Немеңе жетістің бала батыр, Қариялар азайып бара жатыр» деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жырлағандай, күн өткен сайын қазыналы қарияларымыз мен ардагер аталарымыздың қатары сиреп келе жатқаны рас. Кешегі қанды қырғынның ортасында от кешіп, кеудесін оққа тосқан майдангер аталарымыздың бүгінде саны саусақпен санарлық.

Отаны үшін отқа түсіп, қолына қару алған қарияларымыздың қадірі мен елі үшін атқарған еңбектерінің ұшан-теңіз екені айтпасақ та белгілі. Келе жатқан Жеңіс мерекесі қарсаңында «Әзірет Сұлтан» мешітінің қызметкерлері бас имам Серікбай Ораз Сатыбалдыұлының тапсырмасымен Елордамыздағы майдангер атамызды меркесімен құттықтап қайтты.

Бүгінде тоқсанның екеуіне келген Хафизов Жалел атамыз бізді қуана қарсы алды. Соғыста алған жарақатынан кесірінен оң көзінен айырылғанымен, ақсақал әлі де тың. Анда-санда газет-журнал ақтарып қоятын атамыз теледидар қарап, елдің тыныс-тіршілігін, бағыт-бағдарын бір кісдей-ақ бажайлап отыр. «Алла тағала осы бірлігімізден, бейбіт күнімізден айырмасын. Ел іргесі бүтін, тыныштығымыз ұзағынан болсын», – дейді атамыз ақ батасында.

Атамызға тартқан азын-аулақ сыйлығымыз бен кітаптарымызды көргенде, көреген қарттың қуанышында шек болмады. «Өзім оқи алмасам да, немерелерім мен шөберелерімнің санасын сіңіріп, ұрпағымды ұлтжанды ғып тәрбиелеуге таптырмас құрал болды», – дейді қария кітаптарды қуана парақтап.

date08.05.2014readCount2822printБасып шығаруsourceLinkmuslim.kz
ардагерардагерЖеңіс күніЖеңіс күні





comments powered by HyperComments