«Әзірет Сұлтан» мешітіне жаңа найб имам тағайындалды

«Әзірет Сұлтан» мешітіне жаңа найб имам тағайындалды

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен  Қамбаров Руслан Миятбекұлы «Әзірет Сұлтан» мешітінің найб имамы қызметіне тағайындалды.

Еңбек жолын 2002 жылы «Оңтүстік қазақстан гуманитарлық академиясында» аудармашы және араб тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы болып бастаған Руслан Миятбекұлы көптеген жылдар бойы дін саласында жемісті қызмет атқарып келе жатыр. Атап айтсақ, 2005-2007 ҚМДБ-ның мешіт істері бөлімінің маманы және Насихат бөлімінің маманы, Астана қалалық «С.Ғылмани» мешітінің найб имамы (2007-2010жж.), «Нұр-Астана» орталық мешітінің наиб имамы (2010-2014жж.) қызметтерін атқарған болатын.

Үстіміздегі жылдың қаңтар айынан бастап «Әзірет Сұлтан» мешітінің ресми порталы Muslim.kz сайтының діни сарапшысы қызметіне ауысқан Руслан Миятбекұлы дін насихаты жолында аянбай қызмет етіп, сансыз сұрақтарға жауап іздеген жамағаттың ақпарат кеңістігіндегі ақылшысы бола білді. Енді осы жауапкершілігі батпандай жұмысымен қатар Руслан Миятбекұлына «Әзірет Сұлтан» мешітінің найб имамдық қызметі қоса жүктеліп отыр. Жұмысына сәттілік, еңбегіне табыс тілейміз!

date01.05.2014readCount2963printБасып шығаруsourceLinkmuslim.kz
тағайындаутағайындаужаңа имамжаңа имам





comments powered by HyperComments