Астана имамдарына сертификат тапсырылды (ФОТО+ВИДЕО)

Діни қызметкерлерінің шешендік һәм діни ілімдерін шыңдау мақсатында өтіп жатқан біліктілікті жетілдіру семинары өз мәресіне жетті.

XXI ғасыр имамдарының кәсіби біліктілігін шыңдау мақсатында ұйымдастырылып отырған семинардың соңғы күнінде имамдарға «Интернет пен әлеуметтік желілерді қалай пайдалану керек» деген тақырыпта семинар-тренинг өтті. Тренингті белгілі журналист, танымал блогер, Аynaline.kz сайтының бас редакторы Жарқын Түсіпбекұлы жүргізді.

Ж.Түсіпбекұлы әлеуметтік желілердің түрлері, олардың өзіндік ерекшеліктері мен пайда-зияны, әлеуметтік желілердің ақпарат берудегі маңызы, әлеуметтік желілердің мүмкіндіктері мен дәстүрлі исламды насихаттаудағы әлеуметтік желілердің маңыздылығы, т.б әдістемелік мазмұндарда дәріс оқып, Елорда имамдарын ендігі жерде әлеуметтік желіде белсенділік танытуға шақырды.

«Diplomat» қонақүйінде өткен семинар-тренингтің соңында ҚМДБ-ның найб мүфтиі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Серік Сатыбалдыұлы, ҚМДБ-ның найб мүфтиі Қайрат Жолдыбайұлы, Астана қаласы Дін істері департаментінің директоры Жорабек Әбдімәжітұлы қортынды сөз сөйлеп, семинардың мән-маңызына тоқтала келіп, имамдар жұмысына сәттілік тіледі. Сонымен қатар, семинарға қатысқан имамдар мен ұстаздарға сертификат табыстады.

date29.04.2014readCount3262printБасып шығаруsourceLinksunna.kz





comments powered by HyperComments