Найб мүфти Жамбыл облысында іссапарда болды (ФОТО)

Тәуелсіз елдің ертеңі үшін аянбай тер төгіп, елеулі еңбек қалдырған тарихи тұлғаларымызды ұмытпай ұлықтап, бүгінгі жас ұрпақ жадына сіңіріп өсіру – өнегелі іс. Халық игілігі үшін атқарған еңбектеріне тарихи баға беріп, қайраткерлігін дәріптеуіміз қажет. Қазақ елінің тарихындағы сондай тұлғалардың бірі  – «Тәуелсіздігімізді тұғырландырған тұлғалардың тобында халқымыздың ардақты перзенті Қаратай Тұрысовтың алар орны ала бөтен!..» деп Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі аса жоғары бағалаған экономика ғылымдарының докторы, академик Қаратай Тұрысов. Кеңестер Одағы билігінде жоғары лауазымға қол жеткізіп, (Т.Рысқұловтан кейінгі), БҰҰ-ның бас жиынында Халықаралық биік мінберден сөз сөйлеген, білікті   геолог, экономист, республика, облыс деңгейіндегі партия, кәсіподақ ұйымдарының жетекшісі, министр, 2 дүркін КСРО Жоғарғы Кеңесінің, 2 рет ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты секілді жауапты қызметтер атқарып, туған халқының мақтанышына айналған ҚаратайТұрысовтың 80 жылдығына орай ас беріліп, Тараз қаласы ортасынан көше берілді.

Аталмыш игілікті шараның ашылуына Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының найб мүфтиі, Астана қаласы «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Серікбай Ораз қажы, Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев, Тараз қаласының әкімі Нұржан Кәлендаров. ҚР-парламент мәжілісінің депутаты Уалихан Қоскеұлы және зиялы қауым өкілдері қатысты.

Арнайы келген сапарында найб мүфти Серік Оразқажы,  ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Жұмабаев Данияр қарының бастауымен  Жамбыл облыстық «ҺибатуллаТарази» орталық мешітінің тыныс-тіршілігімен танысып, «ҺибатуллаТарази» медресесінің шәкірттерімен кездесті. Найб мүфти «Білімді алудан жалықпау керектігін, шәкірт үнемі құлшыныста болып, мінезі ашық, кішіпейіл, жұрттың сөзін тыңдай білетін, жұртқа өзін тыңдата білетін, қоғам мен халық арасында рухани алтын көпір бола алатын азамат болуға, дін мен дәстүр сабақтастығында көзқарасы айқын ұлтжанды азаматтардан болуы керектігін жеткізді».

date27.04.2014readCount2547printБасып шығаруsourceLinkKөгедай Шәмерхан





comments powered by HyperComments