Пәкістанда арақ не, қару-жарақ не, бәрі бір екен...

Пәкістанда арақ не, қару-жарақ не, бәрі бір екен...

Пәкістанның Қарачи қаласы маңында жағалау күзетінің жергілікті офицерлері тас жол төсенішін тегістейтін техниканың көмегімен тәркіленіп алынған алкогольді ішімдіктердің көзін жойды.

Халықаралық нашарқорлыққа және заңсыз есірткі айналымына қарсы күрес күніне байланысты өткен акцияда мыңнан астам шиша тапталды. Бұл елге «жынның суын» әкелуге заң бойынша қатаң тыйым салынған екен. Бір қызығы, алкогольді ішімдік Пәкістанда есірткімен, порнографиямен және қару-жарақпен бір қатарда тұрады. Яғни, қару-жарақ пен арақтың бір-бірінен заң бойынша зардабы бірдей деген сөз. Әйтпесе, «Ұлы Отан соғысынан қырылмаған қазақ, арақтан қырылыпты» деген қағытпа расқа айналып барады.

БҰҰ-ның есірткі және қылмыспен күрес басқармасы нашақорлықпен күрес күніне орай жыл сайынғы баяндамасын мәлімдеді. Сол баяндамада Пәкістан есірткі алынатын мак өсімдігін өсіруден ада мемлекет деп жарияланған. Алайда, бұл мемлекет әлі де Ауғанстаннан контрабандалық жолмен тасылатын есірткінің маршрутына жатып келеді. Яғни, Пәкістаннан 30 миллиард доллар сомада есірткі өтеді екен. Ал оның 1,5 миллиард сомадағы есірткісі Пәкістанда қалып қоятын көрінеді.

date05.07.2012readCount6764printБасып шығару





comments powered by HyperComments