Muslim.kz порталының жаңа жобасы – «Muslim.kz хижреті»

Бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Серікбай Ораздың қолдауымен  Muslim.kz порталының түсіру тобы Сауд Арабиясына сапарға аттанды. Қасиетті мәуліт айында басталған бұл жобаның басты мақсаты – адамзаттың асыл тәжі Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбарымыз заманындағы хижрет (қоныс аудару) хикметін баяндап, күллі мұсылманның киелісі болған қос шаһардағы тарихи жерлерді түсіру.

Мекке шаһарындағы Muslim.kz порталының тілшілерінің күнделікті тыныс-тіршілігі мен түсіру жұмыстарын сайтымызда жариялап отыратын боламыз.

Сондай-ақ, Muslim.kz порталы аталмыш сапарға байланысты «Ақ бата» айдарын іске қосты. Аталмыш айдар арқылы сайтымыздың кез келген оқырманы өз дұға-тілегі мен арманын жазып қалдыра алады. Қасиетті қаладағы портал тілшілері айдарымызда тіркелген дұға-тілектерді қасиетті топырақта дауыстап, оқитын болады.  

date21.01.2014readCount4982printБасып шығаруsourceLinkmuslim.kz
сауд арабиясысауд арабиясыmuslim.kzmuslim.kzӘзірет сұлтан мешітіӘзірет сұлтан мешіті





comments powered by HyperComments