Мұсылман және уақыт
Дінмұхаммед Сманов
Үйімде зағип бар
Халиме Карабулут
Тапшылық тауқыметін тартып тарыққан жандарға үнемі қол ұшын созып, қайырымдылық шараларын ұйымдастыру – «Әзірет Сұлтан» мешітінің алға қойған міндеттерінің бірі. Егеменді еліміздің тұғырлы мерекелерінің бірі – Тәуелсіздік күні қарсаңында мешітіміз бас имам Серікбай Ораздың бастамасымен мұқтаж жандарға көмек қолын созып, жәрдем көрсетті.
Мереке қарсаңында мешітке келген мұқтаж жандардың меселін жықпай, мерейін өсіргісі келген мешіт қызметкерлері 20-ға тарта жанға қаржылай көмек көрсетті. Сондай-ақ, сырқаты сыр беріп, науқастанған жандарды да назардан тыс қалдырмай, тиісті дәрі-дәрмек алуларына атсалысты.
Бас имам бастамасымен жүзеге асқан қайырымдылық шарасы асында азық-түлік те таратылып, мешіт қызметкерлері жарымкөңіл жандардың бір жыртығын болсын жамауға тырысып бақты.