АНТ мүшелері Астана қаласына келеді

АНТ мүшелері Астана қаласына келеді

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы жанынан құрылған Ақпараттық насихат тобы (АНТ) қараша айының 19-23 аралығында Астана қаласына арнайы ат басын тіреп, мұсылман жамағатына арнап дәрістер жүргізеді. Естеріңізде болса, Ақпараттық насихат тобының жаңадан жасақталған құрамы өткен айда Астана қаласында бас қосып, кезекті отырысын өткізген еді. Аталмыш басқосуда АНТ мүшелері атққарылған шаралар жайлы ақпараттармен бөлісіп, болашақта қолға алынар жұмыстар жоспарын түзген болатын.

Бекітілген жоспар бойынша, АНТ мүшелері Астана қаласының ЖОО студенттерімен,  мемлекеттік қызметкерлермен кездесулер өткізіп, қалың бұқараның діни сауатын арттыру жұмыстарын жандандырмақ. Сондай-ақ,  жазасын өтеу мекемелеріндегілермен де кездесу ұйымдастырылып, темір қапастағыларға Ислам жайлы ақпарат беріліп, уағыздар жүргізіледі.

АНТ мүшелері Астана қаласындағы алты мешітке арнайы бас сұғып, жиылған жамағатқа түрлі тақырыптарда баяндама жасайды.  Көкейіңізде жүрген көптеген сұрақтарға жауап іздесеңіз, білікті ғалымдардың баяндамаларын тыңдаңыз. Назарларыңызға АНТ мүшелерінің уағыз-кестесін ұсынып отырмыз.

19 қараша 2013 жыл (сейсенбі)

Уақыты

Мешіт атауы

Баяндамашы

Баяндама тақырыбы

1

19:00

 

«Нұр Астана» орталық мешіті

Жасұлан Жүсіпбеков

Дін мен Дәстүрдің сабақтастығы

2

«Әзірет Сұлтан» мешіті

Оралхан Сейдманов

Қазақ үшін мәзһаб ұстану қаншалықты маңызды?

22 қараша 2013 жыл (жұма)

1

13:00-14:00

«Шейх Күнта қажы»

мешіті

Ж.Жүсіпбеков

Дін мен Дәстүрдің сабақтастығы

(Жұма уағызы)

2

«Төлебай» мешіті

О.Сейдманов

Теріс ағым-секталардың қазақ қоғамына келтірер зияны (Жұма уағызы)

3

17:45

«С.Ғылмани» мешіті

Ж.Жүсіпбеков

Дін мен Дәстүрдің сабақтастығы

4

19:00

«Әс-Сәлам» мешіті

О.Сейдманов

Теріс ағым-секталардың қазақ қоғамына келтірер зияны

date16.11.2013readCount3305printБасып шығаруsourceLinkmuslim.kz
АстанаАстанаАНТАНТуағызуағыз





comments powered by HyperComments