Астана қаласының имамдары бас қосты (ФОТО)

Бүгін Астана қаласындағы мешіт имамдарының кезекті басқосу жиыны болып өтті. Жуырда ғана Әзірет Сұлтан мешітінің бас имамы болып тағайындалған Серікбай Ораздың қатысуымен өткен бұл жиналыста мешіт имамдары атқарылған іс-шаралар жайлы ақпарат беріп, алдағы жоспарлар жайын талқыласты. Мешіттердегі үгіт-насихат жұмыстарына баса мән беріліп, болашақта жандандыру жолдары қарастырылды.

Қазіргі кезде қоғамымыздағы орын алған діни ахуалдар жайлы айтылып, жұртшылықтың діни сауатын ашудың қаншалықты маңызы зор екендігі ескертілді. Осы орайда мешіттердегі сауат ашу курстарының жүйелі түрде еңбек етуге шақырды.

date06.11.2013readCount3430printБасып шығаруsourceLinkmuslim.kz
имамимаммешітмешітАстанаАстана





comments powered by HyperComments