Қажыларды қарсы алдық (ФОТО)

Мұсылмандықтың бес парызының бірі қажылық сапарын өтеуге аттанған қазақстандық бауырларымыздың алды елге келіп жетті. Кеше түнде Астана әуежайынан MUSLIM.KZ порталының журналистері қасиетті сапардан қайтқан отандастарымыздың тағы бір легін тосып алып, туған топыраққа табаны тиген сәттегі сезімдерімен бөлісті. Қол жүктерінің арасынан зәм-зәм суы жарқыраған жолаушылардың көңіл-күйлері көкте жүргендей. Қасиетті Қағбаны көріп қайтқан қазекемдердің қуанышы мен күтіп алушы жандардың абыр-сабыры Астана әуежайында көпке дейін басылмады.

Елімізден қажылық сапарға аттанғандар арасында «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Ғазиз Ахметов те болатын. Қасиетті сапардан оралған Ғазиз имамды күтіп алған әріптестер қауымы бауырларын бірден қаумалап алып, сансыз сұрақтың астына алды. «Қалай болды? Қандай әсердесің» деген сынды сұрақтардың жауабын алғанша, жанымыз жай таппай, қажы Ғазиздің қасынан кете алмадық.

Осындай қасиетті сапарға барып-келгендердің барлығы да осының бәрі тәуелсіздігіміздің арқасы екенін естерінен шығармай, сөз аяғын «еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын» деген тілекпен аяқтап жатты. Біз де «әмин» дедік!

date22.10.2013readCount2856printБасып шығаруsourceLinkmuslim.kz





comments powered by HyperComments