Астана қалалық мешіттері құрбандық шалды (ФОТО)

Құрбан айт мейрамы бастағалы адам аяғы арылмаған «Алтын таға» базарындағы қимыл-қарекеттер бүгін күндегіден көбейе түскендей. Ол заңды да еді. Аталмыш базарда бүгін Астана қалалық мешіттері құрбандық шалды. Айтулы шараға Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы да қатысып, өз атынан ірі қара малды құрбандыққа шалды. Осыдан кейін базар басында акцияға қатысушыларға арналып жайылған дастарханнан дәм татып, батасын берді.

Биылғы Құрбан айт мерекесінде Астана қалалық мешіттері ұйымдастыруымен 80-нен астам ірі қара мал, 3 түйе құрбанддыққа шалынып, мұқтаж жандарға таратылуда. Осы сынды игі шаралар еліміздің көптеген жерлерінде ұйымдастырылғанын да айта кету керек. Мысалға, Талдықорған қаласында  Құрбан айттың алғашқы күні қоғамдық көліктер жолаушыларды тегін тасымалдаған. Бас мүфти алдағы уақытта осындай игі шаралардың көптеп ұйымдастыру керектігін, бұл күндерді шын мәнінде ұлық мерекеге айналдыру қажеттігін баса айтты.

Мал еттері Құрбан айт мейрамының соңғы күні, ертеңге жсопарланып отыр. Бүгін түгелдей мүшеленіп, арнайы пакеттерге салынып, ертең Ақмола облысын аумағындағы 1000-ға жуық тұрмысы төмен мұқтаж отбасыларға және  Астана қаласындағы студенттер жатақханаларына таратылады.

date16.10.2013readCount4808printБасып шығаруsourceLinkmuslim.kz





comments powered by HyperComments