Ақпараттық насихат тобының атқарған іс-шаралары (ФОТО)

Ақпараттық насихат тобының атқарған іс-шаралары (ФОТО)

ҚМДБ жанынан құрылған Ақпараттық насихат тобының жаңадан жасақталған құрамы бүгінгі дөңгелек үстел отырысында бас қосты. Қазақстанның әр түкпірінен келген білімді имамдар мен білікті дін ұстаздары осы жиында өз ойларын ортаға салып, жастарымыздың жат ағымдардың арбауына алданып қалмау жолдарын талқыланды. Еліміздің бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы жиналған топқа құттықтау сөзін арнап, ақпараттық насихат тобының атқарған жұмыстарына тоқталды.  Алты топқа бөлінген АНТ мүшелері  осы күнге дейін 62 қала, 122 аудан, 33 кент, 1456 ауылға жуық елдімекендерді аралап, 200-дей жоғарғы және орта арнаулы оқу орындары мен 1654-ке жуық мектептерде кеңейтілген кездесулер өткізген.

Қарапайым халыққа еліміздегі діни ағымдардың ақ-қарасын ажыратып, ара жігін айқындап беретін дін ұстаздарына арналып, АНТ ұйымдастыруымен осы кезге дейін бірнеше семинар ұйымдастырылған болатын. Қазіргі кезде дініміздің біртұтастығына сызат түсіруге талпынған өзге ағымдар туралы түсіндірме беру үшін де имамдарға терең білім  қажеттігі айдан айқын. Осы себепті, еліміздегі имамдардың пәтуа беру мәселесі мен уағыз айтуы бірізділікке бағынуы тиіс. Аталған бағдарлама аясында Республикадағы  барлық мешіттерде бір мезгілде, бір тақырыпта айтылатын жұма уағызының жылдық жоспары түзіліп, бекітілді.

Сондай-ақ, алдағы уақытта АНТ мүшелерінің бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыста болу керектігі баса айтылды. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы әйгілі қолбасшы Напалеонның «Алты солдатым болғанша, алты газетім болса – әлемді бағындырар едім» дегенін мысалға келтіре отырып, қарапайым халықтың жат ағымдар жайлы сауатын ашып, санасын оятудағы БАҚ-тың орынын ерекше атап өтті.

Сондай-ақ, дөңгелек үстел отырысына ҚР Бас прокуратурасы мен Дін істері агентігінің өкілдері де қатысып, қазіргі кезде елімәізде жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кеткен секталар мен діни ағымдардың алдын алу тақырыптарында ой қозғады. 

date02.10.2013readCount3991printБасып шығаруsourceLinkmuslim.kz





comments powered by HyperComments