Мұхаммед Аяз Ниязи "Әзірет Сұлтан" мешітінде уағыз айтты (СУРЕТ)

Ақшам намазын оқуға «Әзірет Сұлтан» мешітіне жиналған жамағаттың бүгін діни білімі біршама көтеріліп қайтқандай. Алдын-ала айтқанымыздай, ақшам намазынан кейін жиылған жамағатқа Кабул мешітінің бас имамы Мұхаммед Аяз Ниязи уағыз оқыды.

Ислам ғылымының аса білгірі Мұхаммед Аяз Ниязи өз уағызында ислам діні жайлы айта келіп, қазіргі кезде көптеген елдерде орын алып жатқан бөліну туралы, мұсылмандар арасындағы алауыздықты айыптады. «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» нақылына саятын өз уағызында ол мұсылмандардың бір-бірімен бөлінуін, сенікі бұрыс, менікі дұрыс деудің қате екендігін жеткізуге тырысты. Осы іспетті қателердің діни білімнің таяздығынан орын алатынын ескерте келіп, Ол жастардан білім алу мәселесіне немкетті қарамауды сұрады. Сондай-ақ, Ислам діні тек құлшылық пен ғибадаттан тұрмайтынын, салауатты өмір салтына үндейтінін жеткізді. Осы себепті де бизнес саласына да мұсылмандардың көптеп араласуын, адал сауда-саттық мәселесі туралы тың ойлар айтты.

Уағыздан Мұхаммед Аяз Ниязи muslim.kz сайтының жұмысымен танысып, редакция алқасына өз батасын берді.

Мұхаммед Аяз Ниязи уағызының толық нұсқасын (бейнебаянын) жақын арада сайтымыздан оқи аласыздар!

date29.09.2013readCount6501printБасып шығаруsourceLinkmuslim.kz





comments powered by HyperComments