Мұхаммед Аяз Ниязи: «ХХІ ғасыр имамы қандай болуы керек» (Сурет)

Астана қаласының имамдары бүгін «Әзірет Сұлтан» мешітінде өткен семинар сабағына қатысты. Семинар сабағының лекторы ретінде Ауғанстан астанасындағы мешіттің бас имамы Мұхаммед Аяз Ниязи кіріспе сөз сөйлеп, «ХХІ ғасыр имамы қандай болуы керек» тақырыбында ой қозғады.

«Бүгінгі таңда имам міндеті – жұртты тек намазға ұйыту ғана емес, сонымен қатар ол жамағатқа күнделікті тіршілігінде де өзіндік өнегесімен, адамгершілігімен үлгі болуы тиіс», –  дейді ауған елінің хал-ахуалынан сыр шерткен имам.

Сондай-аұ, Мұхаммед Аяз Ниязи ақшам намазынан кейін  «Әзірет Сұлтан» мешітіне жиналған жамағатқа уағыз айтып, дәріс жүргізеді.

date29.09.2013readCount6564printБасып шығаруsourceLinkmuslim.kz





comments powered by HyperComments