Үндістан Пайғамбарымызға қатысты үлкен қателік жіберіп отыр...

Үндістан Пайғамбарымызға қатысты үлкен қателік жіберіп отыр...

«Айдаладан жік шықты, екі құлағы тік шықты» демекші, Үндістанда Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бейнесіне байланысты шу шықты. Үндістан мектептеріндегі бастауыш сыныпқа арналған оқулықтардың бірінде Пайғамбарымыздың келбеті бейнеленіпті.

Әрине, Пайғамбарымыздың жүзін олар қайдан білсін, бірақ қолына кітап ұстаған сақалды біреудің суретін қойып, оның төменгі жағына «Бұл – Мұхаммед Пайғамбар» деп жазып қойған. Оқулық Үндістанның солтүстік шығысындағы Манипур штатының бір балабақшасында пайдаланылған. Сол суреттің қасында тағы пұтқа табынушы діндердің «бес құдайы» бейнеленген.

Бұл оқулықты Манипур үкіметі мектеп бағдарламасына қоспаса да, штаттың жекелеген жекеменшік оқу орындары қолданып отырған көрінеді. Кітап Prime Publications деген баспадан шыққан. Қазір жергілікті тұрғындар баспаның бұл қателігіне қарсы шығып, автор мен редакторды жазалауды талап етіп отыр. «Олар үлкен қателік жасады. Бірақ оларға зорлық көрсету Ислам дініне жат. Сондықтан да, олар өздері келіп кешірім сұрауы керек», – деп есептейді Пангала студенттік ұйымының кеңесшісі Х.Рахман.

Үндістанда бұл жағдай бірінші рет болып тұрған жоқ. Осыдан тура бір жыл бұрын Андхра-Прадеш штатының мұсылмандары Үндістанның әдеп туралы кітаптарының бірінде бейнеленген Пайғамбар бейнесі үшін қарсылық білдіріп, дау шығарған. Ол кезде кітаптың 800 мың данасы сатылып кеткен екен. Үндістандағы Ислам орталығының жетекшісі Сейід Мәуләнә Хашеми Киачачауи штат басшылығына мұсылмандардан кешірім сұрап, 3 күннің ішінде сатылымдағы кітаптарды тегіс жинап алу жайында талап қойған еді. Талап орындалмаған жағдайда, сотқа жүгінетінін ескерткен.

Ислам діні Пайғамбар жүзін бейнелеуге қатаң тыйым салады. Осыған қатысты бір емес бірнеше рет шу шыққанын білеміз. Кеше ғана Данияның бір баспасөз бетінде Пайғамбарымыздың келемеждеген суреті үшін тұтастай мемлекет зардап шеккенін Үндістан білмейді емес, біледі. Алайда одан сабақ алмаған секілді.

date05.07.2012readCount4142printБасып шығару





comments powered by HyperComments