«Әзірет Сұлтан» мешіті 300-ден астам баланы мектепке дайындады

«Әзірет Сұлтан» мешіті 300-ден астам баланы мектепке дайындады

«Әзірет Сұлтан» мешіті Қасиетті Рамазан айында әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасылардың балаларын мектепке дайындау акциясын жариялап, қайырымды жандарды осынау шараға үлес қосуға шақырған болатын. Осыған байланысты бүгін, дәл Қадір түні қарсаңында «Әзірет Сұлтан» мешіті акцияға ат салысқан жандардың есебінен 300-ден астам баланың мектеп киімдері мен мектепке қажетті құралдарын (көйлек, костюм-шалбар, аяқ киім, спорттық киім, сөмке және мектепке қажетті қалам-дәптерлер) табыстады.

Қайрат Жолдыбайұлы, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы:

– Биылғы Рамазан айында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен облыстардағы орталық мешіттердің барлығы көп балалы отбасылардың балаларын мектепке дайындау акциясын жүргізіп жатыр. «Әзірет Сұлтан» мешіті де дінімізге жанашыр азаматтардың басын қосып, көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың 300-дей баласын мектепке дайындап үлгерді. Біз балаларға мектепке қажетті формаларын, спорт киімдерін, аяқ киімдерін, сөмкелерін, қалам-дәптерін, басқа да құрал-жабдықтарын алып беріп отырмыз. Бұның барлығы дінге жанашыр кәсіпкерлердің үлес қосуымен жүзеге асқан игі шара. Шараның мақсаты – осындай шарапаты мол рақым айында біздің болашағымыз, келешегіміз жас бүлдіршіндердің жүректеріне қуаныш сыйлау. Қайырымдылық акциясы кәсіпкерлер есебінен жүзеге асқанын тағы бір мәрте айтқым келеді. Құдай қаласа, акция әр жыл сайын ұйымдастырылады.

Шараға қатысты суреттерді мына сілтемеден көре аласыздар. 

date03.08.2013readCount4103printБасып шығаруsourceLinkmuslim.kz





comments powered by HyperComments