Muslim.kz сайты өзінің латынша нұсқасын ұсынуда

Muslim.kz сайты өзінің латынша нұсқасын ұсынуда

Елбасы өзінің былтырғы Жолдауында: «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе», – деген болатын. Осыған байланысты әлеуметтік желілерде қызу талқылаулар басталып, латын қарпіне қатысты әркім өзінің нұсқасын ұсынуда. Тіпті, бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары ғаламтордағы сайттарының латынша нұсқасын жасап, ертеден бастап халықтың көзін латыншаға үйретуде. Бірақ, әлі де халықтың көзіне жеңіл, жүрегіне жылы келген нақты ортақ нұсқасы пайда болған жоқ.

Осыған байланысты Muslim.kz сайты да жұртқа өзінің латынша нұсқасын ұсынып отыр. Әрине, «Америка ашайық» деген ниеттен аулақпыз. Қаріптердің дені түркі әлеміне ортақ қаріптер. Ұсынып отырған латын әліпбиіндегі қаріптерді Түркия, Әзірбайжан, Түркіменстан, Өзбекстан секілді түркітілдес мемлекеттердің қаріптеріне қарап отырып таңдадық. Оның да өзіндік мақсаты бар. Бүгінде түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы өзекті мәселеге айналғандықтан түркі әлемінің бір-біріне ұқсас, көп жағдайда ортақ әліпбиі де түркі жұртын бір-біріне жақындай түседі деген ойдамыз.Сондықтан да, түркітілдес мемлекеттердің қаріптеріне барынша ұқсастырып алдық.

Сайтымыздың латынша нұсқасын ашудағы тағы бір мақсат – Еуропадағы қазақтарға да Ислам дінінің бір қайнары болу еді.

Бұл да қатып қалған нұсқа емес, оқырмандарымыздың тарапынан бұдан да жақсы ұсыныстар болса, қабылдауға әзірміз. Сайттың латынша нұсқасына мына сілтеме арқылы өте аласыз.

Латын әліпбиі:

date26.07.2013readCount6277printБасып шығаруsourceLinkmuslim.kz





comments powered by HyperComments