Шахмиуа Ғұлам Риза:Ұлттық нақышпен көмкерілген мұндай мешітті бірінші рет кездестірдім

Шахмиуа Ғұлам Риза:Ұлттық нақышпен көмкерілген мұндай мешітті бірінші рет кездестірдім

Жұма күні «Әзірет Сұлтан» мешітінде Иран Ислам Республикасынан келген «Кәусар» тобы жұма намазына жиналған жамағатқа жарты сағат мәнерлеп Құран оқып, Алланың 99 көркем есімін әуелетті. Бұл топ жайында сайтымызға бұған дейін де жазған едік. Ирандықтардың әуезді дауыстары құлақтан кіріп, бойды алды. Жамағат ұйып тыңдады.

- Қазақстанда жүргенімізге бүгін он күн болды. Оның төрт күнінде – Алматыда, қалған күндері Астанада болдық. Қазақстандықтардың қонақжайлылығы жанға жылу берді. Қазақстан қатты ұнады. Ал «Әзірет Сұлтан» мешіті өзінің көркімен тәнті етті. Сәулетін көріп, аузымыз ашылып, көзіміз жұмылды. Мен әлемнің көптеген мешіттерін көрдім. Бірақ ұлттық нақышпен көмкерілген мұндай мешітті бірінші рет кездестірдім», - деді «Кәусәр» тобының жетекшісі, қари Шахмиуа Ғұлам Риза таңданысын жасырмай.

date17.08.2012readCount2353printБасып шығаруsourceLinkmuslim.kz





comments powered by HyperComments