Әйгілі әл-Азһар шейхы Бас мүфтиді қабылдады (ФОТО)

Әйгілі әл-Азһар шейхы Бас мүфтиді қабылдады (ФОТО)

Мұсылман әлемінің әйгілі дін ғұламалары ілім алған, талай діндарлар түлеп ұшқан, дәстүрлі Исламды жоғары деңгейде оқытатын жаңашыл озық оқу орны мәшһүр әл-Азһар университетінің шейхы, Бас имам Ахмет ат-Тайып Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы хазретті қабылдады. Бұл жайында ҚМДБ-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Жылы жүзді жүздесуде Қазақстан мен Египет Араб Республикасының дін саласындағы байланысы, оқу-ағарту бағыты бойынша әріптестік қарым-қатынастары сөз болды. Қалыптасқан дәстүрлі уағдаластықтар мен қол жеткізілген екіжақты келісімдерді жандандырып, оны жүйелі жүзеге асыру мәселесі талқыланды.

Бүгінде 170-тен астам қазақ жастары Египетте дәстүрлі ислами іліммен сусындауда. Ал 14 мысырлық дін ғалымдары еліміздің медреселерінде шәкірттерге дәріс береді.

Кездесуде Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы шейх Ахмет ат-Тайыпқа Қазақстанға ресми сапармен келуді ұсынды. Әл-Азһар бас имамы бұл шақыртуды қабыл алып, елімізге іс-сапармен келуге уәде етті.

Айта кетейік, Ержан қажы Маямеров әл-Азһар университетінің Шариғат және заң факультетін 2006 жылы бітірген қазақстандық тұңғыш түлектердің бірі.

date28.05.2013readCount2861printБасып шығаруsourceLinkmuslim.kz





comments powered by HyperComments