Бас мүфти Түркия дін істері басқармасы төрағасының қабылдауында болды (фото)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Түркия дін істері басқармасының төрағасы, профессор Мехмет Гөрмездің қабылдауында болды.

Кездесу барысында Мехмет Гөрмез: «Қазақстанның жауапкершілігі ауыр және абыройлы қызметіне тағайындалдыңыз. Біз Қазақстанмен достық пен бауырластықта, тығыз қарым-қатынаста келе жатқан елміз. Ата тегіміз бір, шаңырағымыз бөлек туыс мемлекетпіз. Бүгінге дейін Қазақстанмен қоян-қолтық жақсы мәміледе болып келдік. Бұдан кейін де қарым-қатынасымыздың жақсара түсетініне сенімім мол», - деді.

date30.04.2013readCount2741printБасып шығаруsourceLinkmuslim.kz





comments powered by HyperComments