Бас мүфтилердің басы «Әзірет Сұлтан» мешітінде тоғысты (фото)

Бүгін, яғни, қасиетті жұма күні «Әзірет Сұлтан» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Түркия және бірқатар ТМД  елдерінің Бас мүфтилерін қабылдады.

Дін қайраткерлері кадр сапасын арттыру, өзара тәжірибе алмасу, бірлескен игі жобаларды, ізгі шараларды, ортақ мақсат пен ұлы мұраттарды бірлесе жүзеге асыру, діни басқармалар арасында барыс-келісті жандандыру, кейбір өзекті мәселелерге пәтуа шығару, т.б. діни түйткілдердің түйінін шешуді сөз етті.

Құрметті қонақтардың қатарында Ресей мүфтилері кеңесі және Ресейдің еуропалық бөлігі мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Равиль Ғайнутдин, Түркия Дін істері басқармасы төрағасының орынбасары Мехмет Емин Озафшар, Ресейдің азиялық бөлігі мұсылмандары діни басқармасының Сібір федералдық округінің мүфтиі, Омбы облысы қазақтарының аймақтық ұлттық-мәдени автономиясының президенті Анарбек Жүнісов, Ресей мүфтилері кеңесінің тең төрағасы, Ресейдің азиялық бөлігі мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Нафигулла Әшіров, Қырғыз мұсылмандарының Бас мүфтиі Рахматулла Егембердиев, Монғол ислам діндарларының мүфтилер Одағының төраға орынбасары Дәулетбек Хұрманханұлы, т.б. дін жанашырлары болды.

Бас мүфтилер басқосудан кейін жұма намазын оқып, дұға жасады. 

Бас мүфти Түркия Дін істері басқармасы төрағасының орынбасары Мехмет Емин Озафшарды қабылдауда.

Ресейдің еуропалық бөлігі мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Равиль Ғайнутдин Бас мүфтидің тартуын қабыл алуда.

Равиль Ғайнутдин мен Бас мүфти. 

Қырғыз мұсылмандарының Бас мүфтиі Рахматулла Егембердиев.

Қырғыз Бас мүфтиі Ержан Малғажыұлына шапан жауып, тамаша табиғаттың суретін сыйлады.

Монғол ислам діндарларының мүфтилер Одағының төраға орынбасары Дәулетбек Хұрманханұлы

Ресейдің азиялық бөлігі мұсылмандары діни басқармасының Сібір федералдық округінің мүфтиі, Омбы облысы қазақтарының аймақтық ұлттық-мәдени автономиясының президенті Анарбек Жүнісовтің ақ батасы...

 


Ресей мүфтилері кеңесінің тең төрағасы, Ресейдің азиялық бөлігі мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Нафигулла Әшіров.

"Әзірет Сұлтан" мешітінің бас имамы, ҚМДБ төрағасының бірінші наиб-мүфтиі Қайрат Жолдыбайұлы Түркия қонақтарымен сұхбаттасуда.

"Әзірет Сұлтан" мешітінің наиб-имамы Қуат Ерғалиұлы Түркиядан келген қонақтарға мешітті аралатуда.

Жұма намазынан кейінгі бата

Жұмадан соң...

date26.04.2013readCount4706printБасып шығаруsourceLinkmuslim.kz





comments powered by HyperComments