Қамкөңіл жандарға рамазан айындағы қамқорлық

Қамкөңіл жандарға рамазан айындағы қамқорлық

ҚМДБ Зекет қорының Астана қаласындағы өкілдігі Астана қаласының іргесіндегі халық аузында Илинка атанып кеткен Қараөткел ауылында қасиетті айда қамкөңіл жандарға көмек көрсетті. Ауыл әкімшілігінің рұқсаты бойынша ҚМДБ Зекет қорының Астана қаласы бойынша өкілі Айбек Асқарбекұлы әкімшіліктің арнайы маманымен бірге ауылды аралап көріп тұрғындардың тұрмыс тіршілігімен таныса келе солардың ішіндегі жағдайлары төмен әлеуметтік аз қамтамассыз етілген онбес отбасыға қор атынан азық-түлік таратты. Көмек пакетінде қарапайым отбасыға бір айға арналған азық-түлік бар. Қайырымды іске қаржылай көмек көрсеткен азамат өз атының аталмауын өтінді. Алла алаштың осындай азаматтарының абыройын арттырсын. Әумин!!!

Мейіржан Құлсымақов

date31.07.2012readCount3247printБасып шығару





comments powered by HyperComments