«АҚШ Иранды бомбалауды жоспарлап қойған» – Israel Herald интернет газеті

«АҚШ Иранды бомбалауды жоспарлап қойған» – Israel Herald интернет газеті

Құрама штаттар Иранға қарсы соғыс амалдарын жоспарлап қойды. Әрі АҚШ қажет болса, Иранға шабуыл жасауға құмартып отырған Израильге де қолдау көрсететінін айтқан.
Бұл туралы еврейлердің Israel Herald интернет газетінде жарияланған мақалада жазылды.

Басылымның жазуынша, АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Томас Донилон өткен жексенбіде Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен осы жоспарды талқылау үшін кездескен. Донилон оған Иран аумағындағы бомбалануы мүмкін нысандарды көрсеткен. Ол сондай-ақ, Америка әскерінің Иранның жерастында орналасқан ядролық қару жасау құралдарын да сыртқа қалай алып шығатынын да егжей-тегжейлі түсіндіріп берген.

Бірақ, еврей ресми тұлғалары Иранның тағдырына қатысты осындай әңгіменің арнайы басқосуда талқылананын «жалған» десе, АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі бұл мәселеге қатысты түсінік беруден бас тартқан.

Осы аптада Израильге іссапармен баратын АҚШ Қорғаныс министрі Леон Панетта болса, еврей үкіметі Иранға шабуыл жасау керектігін өзі дербес шешеді деп жауап берген.
Президент Барак Обаманың басты қарсыласы, Республикашылдар партиясының атынан алдағы президенттік сайлауға түсетін үміткері Митт Ромни де өткен жексенбіде Тель-Авивке табан тіреді. Ол да Нетаньяхумен кездесіп, «Израильдің Иранға әскери соққы жасау жоспарына құрметпен қарайтынын» ашық айтқан. Ромни осы басқосуда Иерусалимді Израильдің астанасы деп атауға дәті барған. Бұл мәлімдеме өз кезегінде палестиналықтардың наразылығын тудырып жатыр.

date30.07.2012readCount3112printБасып шығару





comments powered by HyperComments